Пайдаланушы шифрланған құрылғыға қатынасуды сұрай алады, мысалы, егер Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасы басқарылатын құрылғыға орнатылмаған болса. Сұрауды алғаннан кейін сіз қатынасу кілті файлын жасап, оны пайдаланушыға жібере аласыз. Барлық қолдану нұсқалары және толық нұсқаулар Kaspersky Endpoint Security for Windows онлайн-анықтамасында келтірілген.
Шифрланған қатты дискіге автономды режимде қатынасу мүмкіндігін ұсыну үшін:
Шифрланған қатты дискілер тізімі көрсетіледі.
Егер қатты диск Kaspersky Security Center Web Console қолдамайтын Kaspersky бағдарламасы арқылы шифрланған болса, онда дискіге автономды режимде қатынас ұсыну үшін Microsoft Management Console (MMC) басқару консоліне негізделген Басқару консолін пайдаланыңыз.
Содан соң, пайдаланушы алынған файлды шифрланған қатты дискіге қатынасу үшін және дискіде сақталатын деректерді оқу үшін пайдалана алады.